Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биологиялық белсенді қоспаның зияны мен пайдасы

Биологиялық белсенді қоспаның зияны мен пайдасы

Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз – тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи және табиғи тектес заттар. Оны тағаммен қатар тұтынуға болмаса да, тағам құрамына қосып пайдалануға болады.
Өнімнің технологиялық түрленуіне байланысты төртке бөлінеді:
1. Құрамында табиғи концентраттар бар заттар: табиғи минерал су, теңіз суынан бөлініп алынған тұз, бал, балдыр;
2. Құрғатылған, кептірілген табиғи өсімдіктер: тағамға дәмберуші ұнтақтар;
3. Экстракт, тұнбалар, шәрбаттар, брикет;
4. Фармакологияда (дәрі-дәрмектің тәнге, денеге тигізетін әсерлері туралы ғылым) қолданылатын синтетикалық және табиғи витаминдер, фосфолипидтер, күрделі нәруыздар.
Биологиялық белсенді қоспалар заңда
"Дәрiлiк заттар туралы" заңының 1-бабының 6-тармағында ББҚ-ға былай түсініктеме берілген: "Биологиялық белсендi қоспалар (ББҚ) – фармакологиялық белсендiлiкке ие болатын және аурулардың алдын алу және емдеу үшiн қолданылатын (витаминдер, витамин тәрiздiлер, макро-және микроэлементтер, амин қышқылдары, майлы қышқылдар, антиоксиданттар және т.б.) табиғи немесе олармен бiрдей биологиялық белсендi заттардың контцентраттары". Алайда ел арасында таралғандай ол қандай да бір ауруға ем болатындай қасиеті жоқ. Қазіргі таңда тамақ өндіру барысында шикізатты бірнеше мәрте өңдегендіктен табиғи сапасын жоғалтуы мүмкін.
Биологиялық белсенді қоспа адам ағзасына зиян ба?
Биологиялық белсенді қоспаның басым бөлігі өсімдіктен алынады. Қолданылатын заттардың зияны да, пайдасы да бар. Бірақ зиян деген өсімдіктің де құрамында медицинаға қажет заттар болуы мүмкін. Сол үшін кейбір жағдайда биологиялық белсенді қоспаны дәрі-дәрмектен бөлек қосымша тағайындауы мүмкін. Дегенмен биологиялық белсенді қоспаны не құрамында биологиялық активті қосылыстары (БАҚ) бар дәріні басқа дәрімен қатар қолдану алдында дәрігерге қаралу қажет. Өйткені кейбір ББҚ дәрімен қатар қолдануға арналмаған.
ЕСКЕРТУ: Дәрі-дәрмектің сыртын немесе ішіндегі нұсқаулықты міндетті түрде оқыңыз. Құрамында биологиялық белсенді қоспасы бар дәріні тек аурудың алдын алу үшін қолданады. Ал ауруды толық емдеуге мұндай дәрінің күші жетпейді.

А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы  
16 қазан 2025 ж. 286 0