Қар, жаңбыр, желдің күшеюі: Дүйсенбіге арналған ауа райы
 "Қазгидромет" РМК дүйсенбі, 20 қазанға арналған Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК дүйсенбі, 20 қазанға арналған Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні елдің батысында жаңбыр жауады, ал солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі аралас жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да аздаған жауын-шашын болады деп болжанған.
Қалған өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз өтеді.
Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде тұман түсуі мүмкін.
Түнде Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарының солтүстігі мен таулы аймақтарында үсік жүреді деп күтілуде.
Маңғыстау, сондай-ақ Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, сондай-ақ Ұлытау облысының шығысы мен орталығында және Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей аймақтарында ерекше жоғары, төтенше өрт қаупі бар.
Фото: Нұрболат Нұржаубай






 
		 
		



