Күздің соңғы айында 10 күн демалыс болады

Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететін қазақстандықтар қараша айында 10 күн демалып, 20 күн жұмыс істейді.
Ал алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін демалыс күндері тек жексенбіге түседі. Демек, оларда 5 демалыс және 25 жұмыс күні бар.
Қараша айында ресми мереке күндері болмағандықтан, жұмыс кестесінде ешқандай өзгеріс болмайды.
Қарашадағы Кәсіби мерекелер тізімі
Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.
5 қараша – Сыртқы барлау күні
8 қараша – Статистика күні
10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні
15 қараша – Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлері күні
Қарашаның үшінші сенбісі – Бұрғылаушы күні
Қарашаның үшінші жексенбісі – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні
18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай