Құс тұмауы қайта өршіді: Германия 150 мың тауықтың көзін жоюға мәжбүр

Биыл күздің басынан бері аймақта құс тұмауының бес жағдайы, ал жыл басынан бері тоғыз жағдай тіркелген. Вирус негізінен жабайы құстардан, әсіресе тырналардан анықталып отыр.
Мекленбург-Батыс Померания ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге ерекше қырағылық танытуға шақырды. Егер құстардың өлімі көбейсе, тәбеті төмендесе немесе жұмыртқалау азайса, жергілікті ветеринарлық қызметке дереу хабарласу қажет.
Мамандардың айтуынша, H5N1 вирусының таралу қаупі күзгі маусымда арта түседі, себебі бұл уақытта жабайы құстардың көшу кезеңі басталады.
Фото: ашық дереккөзден алынды