Мал басын асылдандыру бойынша мониторинг жүргізілді
 Бүгін “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы және комиссия мүшесі Мамбетов Жасұлан Серікұлы Сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көзделген міндеттердің орындалу барысына мониторинг жүргізді.
Бүгін “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы және комиссия мүшесі Мамбетов Жасұлан Серікұлы Сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көзделген міндеттердің орындалу барысына мониторинг жүргізді.Мониторинг барысында аудан көлемінде мал шаруашылығын дамыту, мал басын көбейту, оны асылдандыру және өнімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сарапқа салынды. 
Партия өкілдері бірқатар шаруа қожалықтарына барып, мал өсіру ісіндегі жаңашыл әдістермен, асыл тұқымды мал басын арттыру бағытындағы тәжірибелермен және мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімді пайдаланылуымен танысты.
Шаруа қожалықтарының иелері мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетіліп отырған субсидиялар мен жеңілдіктердің шаруашылық дамуына оң әсер еткенін атап өтті. Сонымен қатар, мал азығын дайындау, ветеринариялық қызмет көрсету, жем-шөп бағасының тұрақтылығы мен мал өнімдерін өткізу бағытында туындап отырған өзекті мәселелер де назарға алынды.
Партия өкілдері “AMANAT” партиясының басты мақсаты — ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту арқылы ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсарту екенін атап өтіп, алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын айтты.
		





 
		 
		



