Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық билеттер табыс етілді

Партиялық билеттер табыс етілді

Бүгін «AMANAT» партиясының Қосжар бастауыш партия ұйымында салтанатты жиын өтіп, партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табысталды.

Салтанатты жиынды бастауыш партия ұйымының төрағасы Қадірбек Нұрекешов ашып, жаңа мүшелерді құттықтап, партияның мақсат-міндеттерін айрықша атап өтті. Ол партия құрамына қосылған әрбір азаматтың ел бірлігін нығайтуға, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға және қоғаммен тығыз байланыс орнатуға үлес қосатынына сенім білдірді.
Жиын барысында партия мүшелері аталған азаматтардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін, елдік мүддеге адалдығын, сондай-ақ партиялық жұмыстарға деген қызығушылығын ерекше атап өтті.
Салтанат соңында жаңадан қабылданған партия мүшелері өздеріне артылған сенімге лайық болуға және халық мүддесі жолында белсенді қызмет етуге уәде берді.
#АМАНАТ
31 қазан 2025 ж. 140 0