Республика күні: Партия белсенділері марапат төрінен көрінді
25 қазан – Республика күніне орай «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалында салтанатты марапаттау жиыны өтті. Бұл атаулы күн – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің, мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған тарихи сәттің символы.Мерекелік шараға партия филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы Төрахметов, филиалдың Атқарушы хатшысы Талғат Мырзағұлұлы Қанатов қатысты.
Жиын барысында партия ұйымының белсенді мүшелері мен қоғам өміріне елеулі үлес қосқан азаматтар марапат төрінен көрінді. Елдік мүдде жолында белсенділік танытып, партиялық жобаларды іске асыруға сүбелі үлес қосқан азаматтарға партия Төрағасының Құрмет грамоталары және партияның Атқарушы хатшысының Алғыс хаттары табыс етілді.
Сонымен қатар, шара аясында партия қатарына жаңадан қабылданған бірнеше азаматқа партиялық билеттер салтанатты түрде табысталды. Бұл – олардың ел дамуына үлес қосуға деген ынтасы мен жауапкершілігінің көрінісі.
Салтанатты басқосуда партия филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы құттықтау сөз сөйлеп, марапат иелерін мерейлі сәттерімен құттықтады. Ол өз сөзінде Республика күні – елдің егемендігін, мемлекеттіліктің қалыптасуын айқындайтын тарихи мереке екенін атап өтіп:
«Бүгінгі марапат – Сіздердің ел дамуы жолындағы еңбектеріңіздің, қоғам өміріне қосқан үлестеріңіздің лайықты бағалануы. Партия белсенділерінің бірлігі мен бастамашылдығы – ортақ табыстарымыздың кепілі», – деді филиал төрағасы.
Осындай тағылымды іс-шаралар ел бірлігін, патриоттық сезімді нығайтып, қоғамды ортақ мақсат жолында жұмылдырудың жарқын үлгісі болмақ.
#АМАНАТ










