ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА ЖАҢА ЖЕТЕКШІ САЙЛАНДЫ
Бүгін Арал аудандық мәслихаттағы “AMANAT” партиясы фракциясының кезекті отырысы өткізілді.Отырыстың күн тәртібінде 1 мәселе қаралды:
1.Арал аудандық мәслихаттағы “AMANAT” фракциясының жетекшісін сайлау туралы.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылау барысында фракция мүшелері кандидатураларды ашық түрде ұсынды. Талқылаудан кейін ашық дауыс беру рәсімі жүргізіліп, дауыс беру нәтижесі бойынша Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы бірауыздан фракция жетекшісі болып сайланды.
Жиын барысында филиал төрағасы Базарбай Шөменұлы жаңа жетекшіге алдағы жұмыс кезеңінде фракция қызметін одан әрі күшейту, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін жүйелі қарау, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешіміне ықпал ету бағытында нақты міндеттер жүктеді.
Фракция мүшелері Еркебұлан Бауыржанұлын құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ортақ мақсат жолында бірлесіп еңбек етуге дайын екендерін жеткізді.









