ТҰРҒЫНДАРДЫ ЗАМАН АҒЫМЫНА БЕЙІМДЕГЕН «БІР ТЕРЕЗЕ»
Аудандағы үркердей ғана шығармашылық қауымның қатарына қосылған кезім. Сол уақыттағы аудан басшысы Нәжмадин Мұсабаевтың оң бастамаларының бірі шалғайда жатқан маңызды мекемелерді орталыққа шоғырландыруы еді. Батыс беттегі редакцияға да қолайлы жағдай жасалып, баспасөзге әрқашан оң көзбен қарайтын Нәкең әп-сәтте тілшілер қосынын аудан, қала әкімшілігінің маңына әкелді.Өзім көргендей жаңа нысанның құрлысын ауданға белгілі құрлысшы Тәжі палуанның ұрпағыМұхит Бұқарбаев қолға алды. Техникасы да, жұмысшылары да сақадай сай азамат көп созбай міндеттелген істі ел игілігіне жаратты. Мұны неге айтып отырмын. Міне, сонан бері халық «бір терезе» деп айдар таққан құрылыммен көршіміз. Лаура Қолғанатқызының іскерлік болмысы өзіме қанық. Оның алдында облыстық маслихат депутатының мандатын еншілеп, бүгінде аудандағы халық қалаулыларының қатарынан табылған жанмен тілдесудің сәті түсті.
Әңгімеміз Халыққа қызмет көрсету орталығының үстіміздегі жылғы 20 жылдық мерейтой төңірегінде өрбіді.
– Арал аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы қашан өз жұмысын бастағанын айтып өтсеңіз?
– 2008 жылы ашылды. Содан бері халыққа сапалы қызмет көрсетіп, мемлекеттік қызметті оңтайландыру мен цифрландыруға бағытталған бастамалар жүйелі түрде жалғасқанынан жұртшылық құлағдар. Алғашында 171 мемлекеттік қызмет түрінің бар-жоғы 57 қызмет түрін көрсетілген еді. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде жыл сайын қызмет аясы кеңейіп келеді.
– Ақылы қымет жайында да ой бөліссекетсеңіз?
– Әдепкіде Арал аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі болып құрылған мекеме кейін яғни, 2016 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекттік корпарациясы болып, қайта жасақталды. Өзіңіз көріп отырғандай мұнда келушілердің қатары қалың. Қазіргі таңда тәулігіне 300 ден астам тұрғынға мамандарым сапалы қызмет етеді. Келуші үлкен-кішіге қолайлы жағдай жасау мақсатында 1359 мемлекеттік қызмет ұсынылған. Тарқатар болсақ, оның 1226(90,2%) электронды түрде жасалады. Олардың қатарында ақылы қызмет түрлері де бар. Жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мен сату және сатып алу құжаттарын заңдастырып, өтінім берушінің арызы шеңберінде сыйға беру жолдарын қарастыру біздер тарапынан жүзеге асады.
– Мемлекет басшысының Жолдауында тайға таңба басқандай айқындалған міндеттердің бірі де бірегейі мүгедек жандарға көрсететін қызмет. Бұл тұрғыда не айта аласыз?
– Орынды сұрақ . Мекемеге бас сұққан адам аңғара алады. Мүгедектерге көрсетілетін талап-ережелердің барлығын дерлік қатаң сақтап отырмыз. Өзімнен бастап қызметкерлерім тағдыр теперішін көрген адамдарға қолдан келгенді аямаймыз. Сондай-ақ, бөлімге 1414 қоңырауын шалу арқылы кез-келген мүмкіндігі шектеулі азамат-азаматша жүгіне алады. Аталған цифрдағы тұтқа тәулік бойы қызмет етеді. Сол арқылы біздің мамандар үйлеріне барып, жәрдемдеседі, қол ұшын созады.
– Бәрін – кадр шешеді деген тәмсіл бар. Байқағанымдай мекеме ішіндегі қызмет үстелінде отырғандардың көбі жастар. Олардың біліктілігін арттыру, кем-кетігін жетілдіру жұмыстары жүргізіле ме?
– Дәл аңғардыңыз. Жастар – ел болашағы. Жұмысына жауапкершілікпен қарайтын жастардың көбейгені жақсы. Олардың бойынан құлшыныс көремін. Қызметкерлерді жетілдіру мақсатында оқыту, үйрету ұдайы ұйымдастырылып, жоспар бойынша түсіндірме сабақтары жүргізіліп тұрады.
– Жиырма жыл аз уақыт емес. Мекеме ширек ғасырға иек артты. Осы жолда мінсіз қызметтің арқасында талай биікті бағындырып, қаншама асуда асты. Бөлімде азаматтардың уақытын үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін «Жасыл дәліз» жобасы жұмыс жасайды деп естуші ем. Аталмыш жоба төңірегінде не дейсіз?
– Иә, бұл жобаның пайдасы ұшаң теңіз. Бөлімше ішіне келіп, мамандардан ақыл-кеңес алатын тұрғындарға негізделген бастама. Көбісі жылдам қызмет үшін алғыстарын айтып, баталарын беріп жатады. Қайыруға келмейтін қысқа күнде шаруа мен мекеме табалдырығын аттайтындар алтын уақыттарын бос өткізбесін деп барынша тырысамыз. Нәтижеміз жаман емес.
– Жоғарыда тоқталғанымдай "халық қалаулысы" деген атты еншілеген жансыз. Облыстық мәслихат мінберінде де сөз сөйледіңіз. Бүгінде аудандық мәслихаттың депутаты ретінде де көпке таныссыз. Таяуда ғана аудандық «Толқын» газетінің 95 жылдық торқалы тойында руханият саласының жанашыры ретінде қаржылай демеушілік жасағаныңызды білемін. Қысқасы, ұжым аудан көлеміндегі қайырымдылық іске қаншалықты атсалысып жүр?
– Қайырымдылық – асыл қасиет! Ұжым қандай шара болсын қалыс қалмайды. Халыққа қызмет көрсету орталығы деген атымыз бар емес пе? Қай кезде де елдің қуанышы – біздің қуанышымыз.
– Оныңыз рас. Ендеше, сіздердің де қуаныштарыңыз ортақ қуаныш. Құтты болсын ! Тұшымды әңгімеңіз үшін рақмет айтамын. Халық жолында жасаған еңбектеріңізге береке, кәсіптеріңізге табыс тілеймін!
Абай ЕЛЕШ