Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз жолаушы тасымалдағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Заңсыз жолаушы тасымалдағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

(Сурет: ​egemen.kz​​​)

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Азамат К. құзырлы органға тіркелместен, жеке көлігімен заңсыз жолаушы тасымалдаған, яғни тiркеусiз кәсiпкерлiкпен айналысқан.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 41 286 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
 
Арал аудандық соты
 
04 желтоқсан 2025 ж. 144 0