Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өнер – өмір өрнегі» концерті жоғары деңгейде өтті

«Өнер – өмір өрнегі» концерті жоғары деңгейде өтті

Мәдениет әлеміндегі айтулы оқиғалардың бірі – Қазанғап атындағы ұлт аспаптар оркестрі, «Көңілашар» халықтық мәдени үгіт бригадасы және Сыдықовтар халықтық отбасылық ансамблінің бірлескен есептік қойылым-концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермен қауымның зор ықыласына бөленді.Шара аясында 60 жылға жуық тарихы бар оркестрдің, 40 жылдық шығармашылық жолын жалғап келе жатқан отбасылық ансамбльдің және 30 жылдық еңбегімен елге қуаныш сыйлап жүрген үгіт-бригаданың өнері бір сахнада тоғысып, ерекше рухани кеш тарту етті.
Сонымен қатар мәдениет саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер салтанатты түрде марапатталып, еңбектері лайықты бағасын алды.
Бұл – өнерге деген құрметтің, мәдениетке деген ынтымақтың жарқын көрінісі.
Кеш барысында халықтық және авторлық ән-күйлер орындалып, оркестр мен жеке орындаушылардың тартымды туындылары көрермен көңілінен шықты.
Дәстүрлі музыкамыздың құдіреті, сахна шеберлерінің кәсібилігі мен жанды орындауы залға жиналған жұртшылықты ерекше әсерге бөледі.
Барша өнерпаздарға, ұйымдастырушыларға және көрермен қауымға зор алғыс!
Рухани әлемімізді байытып, ұлттық өнерімізді өрге сүйреген осындай әдемі кештер жалғаса берсін!

Арал аудандық мәдениет үйі
06 желтоқсан 2025 ж. 57 0