Бөтен мүлікті қасақана бүлдіргені үшін жазаланды
Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігімен (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Б. ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні, «А» супермаркет ғимаратының екі терезесінің және кіре беріс есігінің әйнектерін тас лақтырып сындырып, бөтен мүлікті қасақана бүлдірген.
Сот отырысында Б. кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрағанын, сынған әйнектерді қалпына келтіргенін көрсеткен.
Сот, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, айыппұл мөлшерін 30%-ға төмендетіп, 137 620 теңге айыппұл жазасын тағайындады.
Арал аудандық соты










