Аймақтарда үздік емханалар анықталды
«МСАК көшбасшысы» байқауыныңқорытындысы шығарылды. Оған алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін көрсететін барлық жеткізушілер қатысты, яғни 359 мемлекеттік және 337 жеке медициналық ұйым. Әр өңірдеүздіктерді анықтады.2025 жылғы 1 тамыз бен 30 қараша аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары еліміз бойынша «МСАК көшбасшысы» республикалық конкурсын өткізді. Ол алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыруға және МӘМС жүйесінде пациенттермен коммуникацияны дамытуға бағытталған.
Бағалау бес индикатор бойынша жүргізілді.
№1 индикатор. МӘМС жүйесіменқамту деңгейін арттыру
Емханаларға МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарды тарту міндеті қойылды. Конкурс басталған кезде (1 тамыздағы жағдай бойынша) ел бойынша 3 436 805 сақтандырылмаған азамат тіркелген. Оның қорытындысы бойынша (30 қарашадағы жағдай бойынша) олардың 563 076-сы МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін алды.
Қамту деңгейінің ең жоғары өсімі Атырау облысында (22%), ал ең төмен динамика Жамбыл облысында (13,46%) тіркелді.
№2 индикатор. МӘМС жүйесінің артықшылықтары, жұмыс істеу қағидаттары, жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жариялау
Бұл индикатордың мақсаты – халықтың МӘМС жүйесі туралы хабардарлығын арттыру. Конкурсты іске асыру барысында қатысушылар тарапынан БАҚ пен әлеуметтік желілерде 8 554 материал жарияланды, бұл бір өңірге орта есеппен 427 жарияланымнан келеді.
Жарияланымдардың ең көп саны Түркістан облысында (1331), ал Ақмола облысы (43) мен Жетісу облысында (26) аз ақпарат тіркелді.
№3 индикатор. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелген халық арасында МӘМС, пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау жұмысы бойынша сауалнама жүргізу
Бұл индикатордың мақсаты – пациенттерді қолдау қызметі мен ішкі бақылау жұмысы туралы халықтың хабардарлығын арттыру, бұл өз кезегінде денсаулық сақтау субъектісінің имиджі мен беделін жақсартуға ықпал етеді. Пациенттер емханаларда мұндай қызметтің бар екенін біліп, «осында және қазір» қағидаты бойынша жүгінген жағдайда, медициналық көмектің сапасын арттыруға және Қорға келіп түсетін шағымдар санын азайтуға мүмкіндік пайда болады.
Осы индикаторды бағалау үшін конкурсқа қатысушылар пациенттер арасында қызметке қанағаттану деңгейі бойынша сауалнамалар жүргізді. Жалпы 136 271 респондент қамтылды, 20 өңір бойынша орташа қанағаттану деңгейі 81% құрады.
№4 индикатор. МСАК денсаулық сақтау субъектісіне, Қор филиалына келіп түскен шағымдар саны
Мақсаты – шағымдар санын азайту болды және бұл мақсатқа қол жеткізілді: ел бойынша өтініштер саны 2025 жылғы сәуір–шілде айларындағы 7 223-тен 2025 жылғы тамыз–қараша айларындағы 6 081-ге дейін қысқарды, яғни 1 142 шағымға немесе 15,81%-ға азайды.
Түркістан (28,13%), Атырау (26,74%), Ақтөбе (26,63%), Солтүстік Қазақстан (26,26%) және Ақмола (24,38%) облыстарында шағымдардың төмендеуі байқалды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында (24,33%), Абай облысында (22,76%) және Шымкент қаласында (20,84%) оң динамика тіркелді.
Ал Қостанай (1,88%), Қарағанды (5,31%), Ұлытау (5,80%), Маңғыстау (7,12%) облыстарында және Алматы қаласында (8,52%) орташа көрсеткіш тіркелді. Жетісу облысында (1,04%) шағымдар санының өсуі байқалды. Өтініштердің себептері мен кері байланыстың сапасына талдау жүргізу қажет.
№5 индикатор. Диспансерлік есепте тұрған тұлғалар арасында шұғыл түрде ауруханаға жатқызу үлесін азайту
Қатысушылар диспансерлік есепте тұрған пациенттер (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронхиалдық астма) арасында шұғыл ауруханаға жатқызу үлесін азайтуы тиіс болды. Ол үшін амбулаториялық деңгейде уақтылы шаралар қабылдау маңызды.
Нәтижесінде ел бойынша аталған пациенттердің шұғыл түрде ауруханаға жатқызылу саны 184 525-тен 181 471 жағдайға дейін азайды, яғни 3 054 жағдайға немесе 1,66%-ға төмендеді. Өңірлер бойынша динамика біркелкі емес: 12 филиалда өсім, 8 филиалда төмендеу байқалды.
Ең жоғары төмендеу Атырау (34,22%), Қызылорда (22,17%), Батыс Қазақстан (17,88%) облыстарында, сондай-ақ Жамбыл, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында тіркелді. Ауруханаға жатқызу саны артқан өңірлерде (Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Ақмола) терең талдау жүргізу, профилактикалық жұмысты күшейту және көшбасшы өңірлердің үздік тәжірибелерін тарату қажет.
Төменде әр өңір бойынша конкурс жеңімпаздары жазылды.
Қызылорда облысы бойынша «МСАК КӨШБАСШЫСЫ – 2025» байқауының жеңімпаздары
1 орын – «№6 қалалық емхана»
2 орын – «№4 қалалық емхана»
3 орын – «Шиелі көпсалалы аудандық орталық ауруханасы»
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі
Ресми сайт – https://msqory.kz/ru/
YouTube-канал – https://www.youtube.com/@msqory_kz
Telegram-канал – https://t.me/medsaqtandyru
Facebook – https://www.facebook.com/msqory/
Instagram – https://www.instagram.com/msqory_kz/









