Жасанды интеллект және цифрландыру саласы талқыланды
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, Үкімет отырысында көтерілген цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі төңірегінде белгіленген бірқатар міндеттер пысықталды.Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық елге айналдыру үшін Үкімет тарапынан нақты стратегиялық межелер белгіленді. Әрбір салада цифрландыру бағытында кешенді жоспарлар әзірленуде.Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы аталған мәселенің аса маңызды екенін алға тартып, жыл бойы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру керектігін атап өтті.
Жиында Арал қаласының шеткі аймамақтарында интернет желісі мен ұялы байланыс қызметі сапасының төмендігі айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша қала әкімі Б. Ұзақов мәселенің қысқа уақытта шешімін табатынын жеткізді.
Аудан әкімі жауаптыларға биыл салынатын антенна-діңгектің құрылысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Қалалар мен елді мекендер аумақтарының абаттандыру қағидасының сақталуы бойынша арнайы құрылғы (планшет) алып, заңға сәйкес әкімшілік шараларды қолдану жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы баяндады.
Жиында бюджеттің игерілуі де талқыланды. 2025 жылдың қорытындысымен аудан бюджеті 99,6 пайызға орындалған. Республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаржысы 100 пайызға игерілген. Алайда кейбір бөлімдер тарапынан қаржының уақытылы игерілмегендігі байқалды. Осы мәселені назарға алған аудан әкімі жауаптыларға ескерту жасап, алдағы уақытта бюджетті толық әрі уақытылы игеру қажеттігін айтып, ауданға қатысты нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің өсімін қамтамасыз етудің маңызды екенін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі










