Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік нысан жұмысын көрді

Әлеуметтік нысан жұмысын көрді

Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Жалағаш ауданындағы жұмыс сапарында Орталық стадионға жасалған ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Атап өтейік, спорттық нысанға өткен жылы аудан бюджетінен 47 млн.теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Қазақстан Футбол Федерациясының «ALAN» жобасы аясында 180 млн. теңгеге стадионның жасанды алаңы қайта жаңғыртылды.

Бүгінгі күні 1500 көрерменге арналған стадион аудан жастары мен тұрғындарының спортпен айналысуына зор мүмкіндік беріп отыр. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша жаттығулар өткізіледі.

Стадион – тек спорт алаңы ғана емес, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды орталық. Фракция мүшесі атқарылған жұмыстарды көзбен көріп, спорт саласының даму деңгейіне оң бағасын берді.

"Ауыл жастары үшін сапалы спорт инфрақұрылымын қалыптастыру маңызды басымдықтардың бірі. Мұндай нысандар ел болашағына салынған инвестиция", – деді халық қалаулысы кездесу барысында.
08 қаңтар 2026 ж. 264 0