Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Арал спортшылары 60 медаль еншіледі

Биыл Арал спортшылары 60 медаль еншіледі

Бүгінде аудандағы спорт саласын қарқынды дамып келеді. Жастарды салауатты өмір салтын қалыптастырып спорттың дамытуына жағдай жасалуда. Қазіргі таңда аудан көлемінде 87 дене шынықтыру ұжымдары, 2 спорт мектебі, 30 мекемелер мен кәсіпорын және 2 спорт клубы жергілікті халықты бұқаралық спортқа тарту бағытында жұмыс жүргізіп келеді.
Арал ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 31 228 адам (2021 жылы 27 689адам, 34%). Бұл аудан тұрғындарының 38 пайызын құрайды. 246 спорт объектісі тіркелген. Оның: 2-і спорттық кешен, 1-уі стадион, 54-і спорт залдар, 14-і бейімделінген спорт бөлмелері, 4-уі спорттық ату тирлері, 171-і жазықтағы спорт алаңдары: 40 жасанды төсенiшiмен алаңдар, 1 спорт ядросы, 19 футбол алаңдары,111 стандарттық емес спорт алаңдары халыққа спортпен шұғылдану үшін қызмет көрсетіп келеді.
Өткен жылы аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 106 спорттық іс-шара, оның 5-уі республикалық, 9-ы облыстық, 63-і аудандық, 29-і мекеме, кент, ауылішілік спорттық іс-шаралар өткізілді.
Мемлекеттік қолдау
2009 жылдан бастап облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы спорт нұсқаушыларын қаржыландыру тәжірибесі енгізілген болатын. Осы орайда, аудандық бюджеттен 2021 жылы - 16 777,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Нәтижесінде жалпы білім беру және спорт мектептерінің спорт залдары мен спорт алаңдарында оқу үдерісінен тыс уақытта қала және елді мекен тұрғындары бекітілген спорт нұсқаушылары арқылы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануда.
“Ауыл-Ел бесігі”жобасы аясында өтпелі жоба ретінде 2020-2021 жылдарға жоспарланған Жақсықылыш кентінен «Спорттық сауықтыру кешені» құрылысына 104,7 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жалғасуда және 2021 жылы Аманөткел, Қамыстыбас елді мекендерінде денешынықтыру - сауықтыру кешенініңқұрылыстарына республикалық бюджеттен 430,0 млн. теңге бөлініп, Аманөткел елді мекеніндегі кешен пайдалануға берілді.
Арал қаласынан аудандық бюджеттен үш спорттық (арнайы 9 тренажерлық жаттығу құралы), 1 стритбол алаңдары салынып пайдалануға берілсе, одан бөлек Арал қаласынан 4 және Сексеуіл кенті, Аманөткел, Үкілісай, Қарашалаң елді мекендерінен шағын спорт алаңдары салынды.
Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған дене тәрбиесі мен сауықтыру және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізудің арнайы жылдық жоспары бекітіліп жүзеге асырылады. Жоспарға аудандық, салалық спартакиадалардан бастап, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша, даталы күндерге, ауданға аты мәлім азаматтарды еске алуға арналған іс-шараларға дейін қамтылған.
Спортшылар жетістігі
Жыл басынан бері ауданның спортшылары біршама жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының ресми (ҚР чемпионаттары мен біріншіліктері) жарыстарында аудан спортшылары 60 медальға ие болды. Оның 22-і алтын,17-і күміс, 21-і қола. Азия чемпионатында 6 (5 алтын, 1 күміс, ) медаль. Әлем чемпионаты мен Кубогінде 6 (4 алтын, 1 күміс, 1 қола) медаль.
Алдағы жоспар айқын
Спорттық секцияға қатысушы балалардың санын ұлғайту мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасау.
Арал қаласынан жаңадан салынуға жоспарланған үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыстарын жүргізу.
Арал қаласынан әр мөлтек аудан бойыншакөше тренажерлары және стрит воркаут, стритбол алаңдары кезең кезеңімен салынуға жұмыстар жүргізу.
Арал қаласы халқының дене шынықтыру және спортпен толыққанды және тұрақты шұғылдану үшін үрлемелі модульді нысанды іске қосу.
Арал қаласы халқының дене шынықтыру және спортпен толыққанды, тұрақты шұғылдану үшін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп стационарлық  ұзындығы 25 м., ені 4 жолақты бассейн құрлысын салу мен Арал ауданының №19 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Елді мекендер бойынша Шижаға (2 212 адам), Аралқұм(1 822 адам), Қарақұм (2 095 адам), Бөген (1 750 адам), Қаратерең (1 740 адам) ауылдарынан спорттық кешендерін кезең-кезеңімен салынуға жұмыстар жүргізу.
28 қараша 2022 ж. 534 0