Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ М.ОРАЗБАЕВТЫҢ СПОРТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ М.ОРАЗБАЕВТЫҢ СПОРТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті аудан спортшылары! Қадірлі сала ардагерлері мен спорт сүйер қауым!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – денсаулық, күш-жігер, шыдамдылық, сергектік мерекесі. Халық даналығында «Тәні саудың – жаны сау» деп тегін айтылмаса керек. Салауатты өмір салты, дене шынықтыру мен спортты дамыту еліміздегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Біздің ауданымызда да бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, спорт кешендерінің жүйесі кеңейе түсуде. Мектептер мен спорт үйірмелерінде дене шынықтыру мен шұғылданушылар саны көбейіп келеді.
Бүгінде біздің спортшылар айдынды Аралдың спорттық айбынын лайықты түрде қорғауда. Өздерінің белсенділігімен және жоғары нәтижелерімен республикамыздың беделін әлемдік аренада жоғары көтеруге ықпал етуде. Біздің аудан өзінің спорттық тарихымен және оның тамаша дәстүрлерімен мақтанады. Өңірімізде салмақты нәтижелер мен жеңістерге жеткен түрлі спорттық жарыстардың атақты чемпиондары мен жүлдегерлерінің тұтас тобы тәрбиеленген.
Жаттықтырушылар мен спортшылар алдағы уақытта да біздің аудан мерейін асырып, даңқын шығаратын лайықты алмастырушыларды тәрбиелеу үшін өздерінің шеберліктері мен күштерін, өздерінің тәжірибелерін жұмсай береді деп сенемін.
Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық тілеймін! Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

15 тамыз 2020 ж. 6 304 0