Жастар пікірталас алаңында бас қосты
“Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында аудандық орталық кітапханада жастардың қатысуымен мазмұнды әрі тағылымды іс-шара өтті. Басқосудың негізгі мақсаты – жастар арасында отбасы институтының маңызын кеңінен насихаттау, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ заманауи цифрлық үрдістерді кітапхана кеңістігімен ұштастыру болды.Іс-шара барысында отбасы – қоғамның негізгі тірегі, тәрбие мен рухани құндылықтардың бастау бұлағы екені кеңінен айтылды. Отбасындағы сыйластық, жауапкершілік, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесіндегі бірлік пен ынтымақ – ел болашағының берік негізі екені жастарға нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Қатысушылар отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайтудың бүгінгі қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті.
#АМАНАТ











