Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенттегі жаңа темір жол вокзалының құрылысы қарқынды жүруде

Кенттегі жаңа темір жол вокзалының құрылысы қарқынды жүруде

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Сексеуіл кентіне жасаған жұмыс сапары барысында кент орталығында жаңадан салынып жатқан темір жол вокзалының құрылысымен танысты.
Жолаушыларды қабылдау сыйымдылығы 60 адамды құрайтын жаңа вокзалдың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанды алдағы уақытта пайдалануға беру жоспарланған.

Қазіргі таңда вокзал ғимаратын толық аяқтауға және жолаушылар алаңын (перон) абаттандыруға қажетті құрылыс материалдары толық жеткізілген. Құрылыс алаңында жұмыс күші мен техникалар жеткілікті. Жаңа вокзал кенттің көркін ашып, темір жол арқылы қатынайтын жолаушыларға сапалы қызмет көрсететін болады.
Аудан әкімі «Техноснаска-Ремсервис» ЖШС өкілдерімен тілдесіп, құрылыс сапасына ерекше мән беріп, жұмысты белгіленген мерзімде әрі тиянақты аяқтауды тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан 2026 ж. 68 0