ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНДА БОЛДЫ
Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов ауданға жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төралиев және құрылыс саласының мамандармен бірге қаладағы бірнеше құрылыс нысандарының жұмысымен танысты.Алдымен Тоқабай және Қарақұм ауылдарына барып, ауыз су тарту жұмыстарының құрылысымен танысты.
Қазіргі таңда Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Арал-Тоқабай-Абай тармағының құрылысы және Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Тоқабай, Абай елді мекендерін сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – халық саны 868 адамды құрайтын Тоқабай және 2206 адам тұратын Абай ауылдарын, яғни жалпы 3074 адамды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету.
Жоба құны – 8,2 млрд теңге. Бас мердігер – «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС. Нысан құрылысы 2021 жылы басталған.
Бүгінгі таңда Жақсықылыш–Тоқабай бағытындағы ұзындығы 39 шақырым болатын су құбыры толық тартылды. Тоқабай ауылындағы ұзындығы 16,7 км болатын ауылішілік су желісі тартылып, тоқабайлықтардың игілігіне таза әрі сапалы ауыз су пайдалануға берілді.
Облыс әкімінің орынбасары мұнан соң халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға арналып салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын көрді.
Қазіргі таңда ауданда 2 пәтерлі 30 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы мемлекеттік бюджеттен бөлінген 2,2 млрд теңгеге салынған 150 пәтерлі тұрғын үйге жыл басында тұрғындар қоныстанған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасуда. Ағымдағы жылы 60 пәтер сатып алуға 900 млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінде тұрғын үйлер құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу және жылу жүйелері жүргізілуде. Қаз-қатар тізілген үйлердің сыртқы қоршау жұмыстарымен қатар айналасын ретке келтірілуде.
Облыс әкімінің орынбасары Б.Жаханов нысандарды аралау барысында құрылыс басында жауапты тұлғалармен жүздесіп, тиісті тапсырмалар берді.
Бахыт Дүйсенұлы мұнан соң қаладағы темір жол вокзалының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бұған дейін Арал қаласы мен Сексеуіл кентіндегі темір жол вокзалдарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Алайда алдын ала жобалау барысында ғимараттардың тым ескі болуына байланысты, іргетасы мен қабырға тіректерінің әбден тозуы салдарынан инженерлік-техникалық тұрғыда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу тиімсіз деп танылды.
Қазіргі таңда Арал қаласы мен Сексеуіл кентіндегі ескі вокзалдардың орнына жаңа ғимараттардың құрылысы жүргізілуде.
Бүгінде қалалық темір жол бекетінің құрылыс жұмыстарын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС мекемесі жүргізуде. Ғимараттың қабырғаларын қалау, бетон бұйымдарын берік орнату, терезелерін салу және ішкі бөлмелерін сылау жұмыстары жүргізілуде.
Медицина саласында да нәтижелі істер қолға алынуда. Аудандағы жұқпалы аурулар бөлімшесінің ескі ғимаратының орнына жаңа нысанның құрылысы жүріп жатыр. Құны 2 млрд 300 млн теңге болатын нысанды «Иман» ЖШС мекемесі салуда. Қазіргі уақытта сыртқы абаттандыру және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Б.Дүйсенұлы нысан басында мердігер мекеме өкілдерімен тілдесіп, жұмысты сапалы әрі уақытлы аяқтауға күш салу керектігін тапсырды.
*
Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов кезекті жұмыс сапары барысында Мергенсайда салынып жатқан 150 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылыс барысымен танысты.
Құны 2 млрд 333 млн. теңге болатын нысанның сырты толықтай қапталып, ішкі әрлеу және инженерлік жүйелерді тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі жылу жүйелері мен электр желілері толықтай орнатылған. Еден төсеу, ішкі есіктерді орнату және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мектеп ғимараты жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бахыт Дүйсенұлы нысанды аралау барысында мердігерлерге сапа мен мерзім талаптарын сақтау қажеттігін қатаң ескертіп, тұрғындар көптен күткен білім ордасының уақытылы пайдалануға берілуі аса маңызды екенін айтты.
Мұнан соң Сексеуіл кентінде жаңадан салынып жатқан вокзал ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бүгінде заманауи жолаушылар вокзалын толық аяқтауға, жолаушылар алаңын (перон) абаттандыруға қажетті материалдар қосымша жеткізілген. Ғимараттың қабырғасын сылау, стяжка құю, терезе салу, электр желісін жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа заман талабына сай келетін вокзал алдағы уақытта кент ажарын ашып, жолаушыларға толыққанды қызмет көрсететін болады.
Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов кездесу барысында жауаптыларға негізгі жұмысты бәсеңдетпеуді және белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі










