Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқабай ауылындағы сумен жабдықтау жұмыстарымен танысты

Тоқабай ауылындағы сумен жабдықтау жұмыстарымен танысты

Бүгін “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсәуле Сайлауқызы және фракция мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Төлебаев Ардақ Қанибайұлы Тоқабай елді мекенінде жүзеге асырылып жатқан сумен жабдықтау жұмыстарының барысымен танысты.

Аталған жоба Қызылорда облысы Арал ауданының Тоқабай және Абай елді мекендерін ауыз сумен қамтуға бағытталған. Жобаның тапсырыс берушісі – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті РММ. Бас мердігер – «Сапа құрылыс 2007» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Эксперт-Строй KZ» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Алаш Дизайн» ЖШС.
Қазіргі таңда Тоқабай ауылында су айдау станциясының кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Қойма нысандары толық қаланып, төбе жабындысын жабу жұмыстары жүруде.
#АМАНАТ
25 қыркүйек 2025 ж. 98 0