Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп құрылысының жұмысымен танысты

Мектеп құрылысының жұмысымен танысты

Бүгін Арал аудандық мәслихаттың және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы  партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы және партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы  партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан Сексеуіл кентіндегі 300 орындық «Жайлы мектеп» құрылысының жұмысымен танысты. 
Құрылыс қарқынын көрген аманаттықтар мониторинг барысында тапсырыс беруші және мердігер, техникалық қадағалаушы мекеме өкілдерімен жүздесіп, құрылыс қарқынын жоғарылату, құрылыс сапасы мен мерзімінде аяқталуы жөнінде нақты ұсыныстарын айтты. 
Мердігер мекеме өкілдері жаңа оқу жылына дейін барлық жұмыстар толығымен аяқталатындығын жеткізді.
#AMANAT
07 тамыз 2025 ж. 65 0