Министр аймақтың ауыз сумен қамтылу көрсеткішіне қанықты
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736568940_15.jpg)
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736568909_16.jpg)
Қос ауданның халқын тіршілік нәрімен қамтып, сапалы ауыз су беруде «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің «Қосаман» бас су тоғаны №1 су көтеру насосты стансасының атқарар маңызы зор. Аудан үшін аса маңызды стратегиялық нысан саналатын бұл су айдау станциясының үздіксіз жұмыс істеп тұрғанына бірнеше жылдардың жүзі болды. 240-270 метр аралығындағы тереңдіктен бұлақ суын тартып, 160 мыңдай халықтың игілігіне беріп тұрған маңызды ресурстың құбыр желілерінің тозу деңгейі 80 пайызды құрап отыр. Осы жылы су құбырының 234 шақырым бойынша екінші тармағын жүргізу көзделуде. Жобаның жалпы құны 43,7 млрд. теңгені құрайды.
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1736569005_18.jpg)
Аудан әкімінің баспасөз қызметі