ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ СЕКСЕУІЛ КЕНТІНІДЕ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
“AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы, “AMANAT” фракциясының мүшесі, мәслихат депутаты Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы Сексеуіл кентінде салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты.Алдымен филиал төрағасы жаңа вокзал ғимаратының құрылысын көріп, нысанның жобалық мүмкіндіктерімен танысты. Жолаушыларды қабылдау сыйымдылығы 60 адамды құрайтын жаңа вокзалдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысан алдағы уақыттары пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда вокзал ғимаратын толық аяқтауға, жолаушылар алаңын (перон) абаттандыруға қажетті материалдар қосымша жеткізілуде. Ғимараттың қабырғасын сылау, стяжка құю, терезе салу, электр желісін жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс басында 20 жұмысшы және 3 техника жұмыс жасауда. Жаңа заман талабына сай келетін вокзал алдағы уақытта кент ажарын ашып, темір жол арқылы өтетін жолаушыларға толыққанды қызмет көрсететін болады.
Мұнан соң филиал төрағасы кенттегі орталық саябақта болып, абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мұнда 1200 шаршы метр аумаққа түнгі жарық шамдары орнатылып, брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде.










