Сот актісін орындамағаны үшін кінәлі деп танылды
Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес азамат Е. талап қоюшы Б-ның пайдасына бес балаға төлеуге тиіс алиментті 2019 жылдың қаңтар айынан бері төлемей, Арал аудандық сотының 2018 жылғы 5 қазандағы сот бұйрығының талаптарын орындамаған.
Бүгінгі күнге алимент бойынша берешегі 11 727 846 теңгені құраған.
Сот отырысында Е. кінәсін мойындап, тұрақты жұмысының болмауына байланысты алимент төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсеткен.
Сот қаулысымен Е. аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.
Арал аудандық соты









