Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мен де көп балалы отбасыдан шыққанмын": Еркеш Шәкеев мұқтаж отбасыға 4 бөлмелі пәтер сыйлады

"Мен де көп балалы отбасыдан шыққанмын": Еркеш Шәкеев мұқтаж отбасыға 4 бөлмелі пәтер сыйлады

Еркеш Шәкеев Алматыда өткен авторлық кешінде көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі жиһазы бар пәтер сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Бұл туралы музыкант өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында концертке дейін жазған. Өзі де көпбалалы отбасынан шыққан өнер иесі аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созуды Астанадағы 5 қыздың мұңынан кейін қолға алған көрінеді.
«Былтырғы жылы Лондондағы Кадога Холлда өткен концерттен кейін және көптеген тыңдарманымның сұранысы бойынша авторлық кешімді беру туралы шешім қабылдадым. Менің туындыларымды орындаушылардың бәрі іс-шараға атсалысатынын жеткізді. Бірақ, жаңа жылдан кейін Астанада бес қыз қайтыс болғанда менің концерт беруге деген құлшынысым болмай, кешті кейінге қалдырамын деген шешімге келдім. Біраз уақыт өткен соң достарыммен сөйлесіп, концертті өткізіп, мұқтаж отбасыларға жақсылық жасауды ойға алдым. Оның үстіне мен де көпбалалы отбасынан шыққанмын», - дейді Еркеш Шакеев.

7 мамырда өткен игі іс-шара Шакеевтің өнерде жүргеніне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған болатын. Кешке Александр Иванов және "Рондо" тобы
, Oliver Poole, Mezzo тобы, Марат Бисенғалиев, A’Studio, Карина Абдуллина, Толқын Забирова, Динара Сұлтан, Bianca Nicholas өнер көрсетті.
stan.kz
08 мамыр 2019 ж. 699 0