Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағы антициклонның ықпалында болады.

Соған байланысты жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыс аудандар арқылы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, шаңды дауыл болуы мүмкін.

Қызылорда облысында жел күшейіп, түнде кей жерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді, кей жерде шаңды дауыл болады. 
 Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді.
 Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай болады.
 Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі. 

baq.kz
08 мамыр 2019 ж. 653 0