Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт саласының майталмандары Конституция жобасын қолдайды

Спорт саласының майталмандары Конституция жобасын қолдайды

Коалиция өкілдері одан әрі Руханият орталығында болып спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын Конституциялық реформалардың маңызы ерекше екені атап өтілді.
Коалиция өкілдері бүгінгі таңда еліміз үшін аса маңызды тарихи кезең басталғанын, Мемлекетімізде Конституциялық реформа жүзеге асырылып, жаңартылған Конституция жобасы қоғам талқысына ұсынылғанын жеткізді.
Бұл – тек заң мәтініндегі өзгерістер емес, бұл – еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын, қоғамның жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашатын маңызды қадам- деді коалиция өкілдері.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституциялық реформалардың бастауында Мемлекет басшысының саяси бастамалары тұрғаны айтылды. 2025 жылғы Жолдауда жарияланған саяси жаңғыру бағыты елдегі басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының теңгерімін күшейтуге және халықтың мемлекет ісіне қатысуын арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Осы бастамалардың негізінде парламенттік реформа жөніндегі жұмыс топтары құрылып, қоғамнан мыңдаған ұсыныс түскені айтылды.
Кездесу соңында спортшылар жаңа Конституция жобасы елдің тұрақты дамуына негіз болатынын айтып, алдағы референдумға белсенді қатысу әр азаматтың азаматтық борышы екенін жеткізді.
10 наурыз 2026 ж. 227 0