Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституциялық реформа – әділетті қоғамның негізі

Жаңа Конституциялық реформа – әділетті қоғамның негізі

Kyzylorda-news.kz “Жаңа Конституциялық реформа – әділетті қоғамның негізі” тақырыбында аудандық экономика және қаржы бөлімінің мамандарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, оның мемлекет дамуына, қоғамдағы әділдік пен ашықтықты нығайтуға бағытталған негізгі бастамалары талқыланды.
Жиында жаңа реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғандығы айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, реформалардың ел болашағы үшін маңызды қадам екендігін атап өтті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, мамандар қоғамдағы оң өзгерістерге қолдау білдіріп, еліміздің дамуына әр азаматтың белсенді атсалысуы маңызды екенін жеткізді.
11 наурыз 2026 ж. 106 0