Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін “Бақытты отбасы” жобасы аясында “Жақсықылыш” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен “Отбасындағы сыйластық” тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел отырысы өтті. Тағылымы мол шараның басты мақсаты – қоғамдағы отбасы институтының рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру болды.

Кездесуге көпбалалы аналар, сала мамандары мен ауыл тұрғындары қатысып, отбасындағы татулық пен өзара сыйластықтың маңызы жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Шара барысында отбасы – қоғамның іргетасы екені, әрбір шаңырақтағы бірлік пен береке елдің тұрақты дамуына тікелей әсер ететіні ерекше атап өтілді.
Дөңгелек үстел барысында сөз алған спикерлер ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәніне тоқталып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың жолдарын жан-жақты талқылады. Әсіресе, қазіргі қоғамдағы отбасы құндылықтарының өзгеруі, жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелер, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды ізгі қасиеттердің маңызы кеңінен сөз болды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып қана қоймай, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасындағы түсіністік пен сыйластықты сақтаудың тиімді тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жауапкершілігі, сенім мен қолдаудың маңыздылығы ерекше назарға алынды.
#АМАНАТ
07 сәуір 2026 ж. 171 0