Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

“AMANAT” партиясының “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында “Қарақұм” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен “Салт-дәстүр – тәрбие негізі” тақырыбында тағылымы мол дөңгелек үстел отырысы өтті.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – ұлттың рухани құндылықтарын насихаттау, салт-дәстүрдің тәрбиелік мәнін кеңінен түсіндіру және жас ұрпақтың бойына ұлттық болмысты сіңіру болды. Ұлттық мұраны ұлықтау арқылы ұрпақтар сабақтастығын нығайту – бүгінгі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі екені жиын барысында айқын көрініс тапты.

Дөңгелек үстелге білім беру саласының өкілдері, ата-аналар, оқушылар және бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысып, ұлттық тәрбиенің өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Жиын барысында сөз алған спикерлер қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік маңызына тоқталып, оның жас ұрпақ санасын қалыптастырудағы рөлі ерекше екенін атап өтті.
Қатысушылар өз ойларында отбасының тәрбиедегі орнына ерекше мән беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу ең алдымен отбасынан басталатынын жеткізді. Сонымен қатар, қазіргі жаһандану кезеңінде ұлттық болмысты сақтау, тіл мен дәстүрге деген құрметті арттыру – барша қоғамның ортақ міндеті екені айтылды.

Іс-шара барысында оқушылар тарапынан ұлттық салт-дәстүрге байланысты тағылымды ойлар айтылып, ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай кездесулердің жастар тәрбиесіндегі маңызы зор екені, олардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.
01 сәуір 2026 ж. 71 0