Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлығына жаза қатаң

Мал ұрлығына жаза қатаң

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен айыпталған Д-ның қылмыстық ісі қаралып, айыптау үкімі шығарылды.
Сотта анықталғандай, бұрын меншікке қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған Д. тиісті қорытынды жасамай, бөтеннің малын мал қораға кіріп жасырын жымқыру мақсатында азамат А-ның үйінің ауласына қоршаудан секіріп түсу арқылы заңсыз кіріп, аулада орналасқан мал қорасынан бір бас аналық түйені жетектеп алып шығып, жасырын түрде жымқырған.
Қылмыстық әрекет салдарынан жәбірленушіге 800 000 теңге мөлшерінде мүліктік зиян келтірілген.
Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сотталушының кінәсі оның кінәсін мойындауымен, жәбірленуші мен куәнің жауаптарымен, сондай-ақ іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен  дәлелденген.
Сот үкімімен Д. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2)тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген.
Арал аудандық соты
07 сәуір 2026 ж. 86 0