Жол бойы сервистерінде түсіндірме жұмыстары жалғасуда
Аудан аумағындағы жол бойы сервистік нысандардың сапасын арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан жүйелі түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жұмысшы топтың жауапты мамандары нысан иелерімен кездесіп, қолданыстағы заң талаптарын сақтау және қызмет көрсету деңгейін көтеру бағытында нақты ұсыныстар беруде.Басты назарда нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіру, яғни әктеу және сырлау жұмыстарын жүргізу; ескірген немесе талапқа сай келмейтін баннерлерді жаңарту; жарнамалық ақпаратты заң талаптарына сәйкестендіру; санитарлық тазалықты сақтау және тәртіпті қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, нысандардың белгіленген стандарттарға сай жабдықталуы, қауіпсіздік талаптарының орындалуы және демалушыларға қолайлы жағдай жасау (ауыз су, жарық, санитарлық тораптар) басты талаптардың қатарында.
Әрбір кәсіпкер өз нысанында заң талаптарын қатаң сақтауы қажет. Бұл шаралар тек бақылау үшін емес, ең алдымен тұрғындар мен жол жүргіншілеріне сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсетуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі 












