Мониторинг жұмыстары өз нәтижесін беруде
Бүгін “AMANAT” партиясының консультанты Сабырбай Ержан Әділжанұлы, “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігі Арал аудандық филиалының әдіскері Әбілдаева Гүлжанат қала аумағында маңдайша жазулары мен сыртқы көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында кезекті зерделеу жұмыстарын жүргізді.Өткен зерделеу жұмыстары барысында заң талаптарына толық сәйкес келмейтін бірқатар деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндері анықталып, нысан иелеріне тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Сондай-ақ, маңдайша жазуларын дұрыс рәсімдеу тәртібі бойынша әдістемелік жадынамалар мен үлгі-схемалар таратылып, нақты түсіндірмелер берілген еді.
Бүгінгі қайта жүргізілген мониторинг нәтижесінде бұрын ескерту берілген нысандардың басым бөлігінде оң өзгерістер байқалды. Яғни, маңдайша жазулар мен ақпараттық мәтіндер заң талаптарына сәйкес ретке келтіріліп, тілдік нормаларды сақтау деңгейі артқан.
#АМАНАТ













