Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тіл тазалығы – ортақ іс

Тіл тазалығы – ортақ іс

Жуырда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында аудан орталығында «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қала аумағындағы маңдайша және сыртқы көрнекі жарнама мәтіндерін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабында көрсетілген талаптарына сәйкестендіру.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен үшінші мәрте өткен шараға бөлім қызметкерлері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігі Арал аудандық филиалының өкілі, Қызылорда облыстық оқыту орталығының Арал ауданы бойынша оқытушылары және аудан еріктілері, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Акция барысында Арал қаласындағы 50-ге жуық коммерциялық нысандар зерделенді. Нәтижесінде көрнекі ақпараттары (маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына қайшы келетін 13 кәсіпкерлік мақсаттағы нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, маңдайша жазулары мен басқа да көрнекі ақпараттардың мәтіндерін жазу және орналастырудың схема-үлгісі ұсынылып, әдістемелік көмек ретінде жадынамалар таратылды.
Атап өту қажет, көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мемлекеттік тілде сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады. Сондай-ақ бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс.
Оңталап ЖОЛДАСОВ
23 қазан 2021 ж. 799 0