Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Кітап шоу – 2026" кітап фестивалі

"Кітап шоу – 2026" кітап фестивалі

Арал ауданында руханият пен білімнің ордасына айналған тағылымды шара өтті.
23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні аясында "Кітап шоу – 2026" кітап фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Ауқымды іс-шараға Арал аудандық мәслихатының және партия филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы мен партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, ауданның зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кітапхана саласының ардагерлері және кітапсүйер оқырмандар қатысып, рухани құндылықтарды дәріптеген мазмұнды басқосу болды.
Фестиваль аясында «Кітап – мәңгілік мұра» атты көрме ұйымдастырылып, жаңа әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, «Жасанды интеллект және кітапхана» атты заманауи кеңістік алаңы жасақталып, оқырмандарға жаңа форматтағы танымдық дүниелер мен интеллектуалды ойындар ұсынылды. Бұл – дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесім тапқан көрінісі болды.

Мерекелік шараның екінші кезеңі "Әлемнің кілті – кітапта, ал кілт иесі – кітапханашы" атты әсерлі кешпен жалғасын тауып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Фестиваль барысында кітапхана қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланып, үздік кітапханашылар марапатталды. Бұл – олардың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын және кәсіби еңбегіне көрсетілген құрметтің нақты көрінісі.
"Кітап шоу – 2026" фестивалі – оқырман мен кітапты табыстырған, рухани жаңғыруға серпін берген маңызды мәдени оқиға болды. Бұл күн кітапсүйер қауым үшін әсерлі естелікке айналды.
#АМАНАТ
23 сәуір 2026 ж. 56 0