Меритократия қағидатымен мемлекеттік қызметте өсу
Меритократия ұғымы – сөзбе-сөз «лайықтылар билігі», латынның «meritus» - лайықты және гректің «kratos» - билік, басқару мағынасын білдіреді.Меритократия – басқарушы немесе жауапты лауазымдарға адамдардың әлеуметтік тегі мен байлығына қарамай, олардың қабілеті, білімі, кәсіби дағдысы мен еңбек жетістіктеріне қарай тағайындалатын жүйе. Бұл «лайықтылар билігі» және тамыр-таныссыз, объективті іріктеу қағидаты.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңашылдығы мемлекеттік қызмет жүйесінің «позициялық мансаптық» модельден «мансаптық» модельге өтуі болды.
Қажетті тәжірибесіз басшы лауазымға тағайындалу мүмкіндігін қарастыратын позициялық модельге қарағанда, қазір мемлекеттік қызметке қабылдану төменгі лауазымдардан бастап жүзеге асырылады.
Конкурстық негізде төменгі лауазымнан жоғарғы лауазымға тек кемінде бір жыл еңбек өтілі бар болған жағдайда, кезең-кезеңмен мансаптық өсу қағидаты заңды түрде бекітіліп, қызметте жүрген мемлекеттік қызметшілердің жоғарғы лауазымдарға орналасу басымдылығын көздейтін ішкі және жалпы конкурстар институты енгізілді.
Бүгінгі күнге дейінөңіріміз бойынша Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы Г.Рахатов Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары бос лауазымына, Жаңақорған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ. Сапарбаев Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары бос лауазымына, Жаңақорған ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Жахудаев Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары бос лауазымына, Қызылорда облысының білім басқармасының бөлім басшысы К.Бердаулетов Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы бос лауазымына, Қазалы ауданы әкімінің аппаратының бас инспекторы Б.Ерболат Қызылорда облысы әкімінің аппаратының бас инспекторы бос лауазымына, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімі аппаратының бас маманы К.Алпысбай Қазалы ауданы әкімінің аппаратының бас инспекторы бос лауазымына, Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.ЕрсултановЖалағаш кенті әкімінің аппаратының бөлім басшысы бос лауазымына, Сырдария ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы И.Ибрагимова Сырдария ауданының Шаған ауылдық округі әкімінің аппараты бас маманы бос лауазымына мансаптық өсужолымен ішкі конкурстар арқылы тағайындалған.
Қазіргі таңда, өңірімізде мансаптық өсу қағидаттарынасәйкес ішкі конкурстардың нәтижесімен жоғары лауазымдарға тағайындалған қызметшілердің үлесіде артып келеді. Оның айқын дәлелі, елімізде мемлекеттік қызметтің реформасы бастау алған алғашқы 2016 жылы мансаптық өсу қағидаттарына сәйкес өңірдегі жергілікті атқарушы органдарда жоғары лауазымдарға тағайындалған қызметшілердің үлесі небәрі
59,6 пайызды ғана құраған болса, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. 2026 жылдың І-тоқсанның қорытындысымен бұл көрсеткіш72,7 пайызға жетіп отыр.
Бақытжан Нұралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы
Фото: www.gov.kz










