Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар көрмемен танысты

Жастар көрмемен танысты

“Жастар” бастауыш партия ұйымының мүшелері “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған арнайы көрмені тамашалады. Бұл тағылымы мол шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, ел басына күн туған кезеңдегі батырлық пен қайсарлықты насихаттау, сондай-ақ өткенге құрмет сезімін арттыру болды.
Көрме барысында жастар соғыс жылдарындағы тарихи деректермен, архивтік құжаттармен, фотосуреттермен және майдан даласынан жеткен жәдігерлермен танысты. Әрбір экспонат өз дәуірінің тынысын сездіріп, сол кезеңдегі халықтың ауыр тағдыры мен жанқиярлық еңбегін айқын бейнеледі. Әсіресе, майданға аттанған азаматтардың хаттары мен жеке заттары көрмеге келушілерге ерекше әсер қалдырды. Бұл жәдігерлер арқылы жастар сол заманның шынайы көрінісін тереңірек ұғына алды.
Шара барысында ұйымдастырушылар жас буынға соғыс жылдарының тарихи маңызын түсіндіріп, ата-бабаларымыздың ерлігі мен елге деген адалдығы туралы кеңінен әңгімеледі. Жастар өз кезегінде көрме жайлы пікірлерімен бөлісіп, мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Олардың айтуынша, осындай танымдық кездесулер өскелең ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін арттырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтады.
#АМАНАТ
06 мамыр 2026 ж. 45 0