Балаларды сауықтыру ұйымдарының биылғы жазғы маусымға дайындығы туралы
Жаз мезгілі, әсіресе, балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. Күнделікті сабақтар артта қалып, осы уақытта балалар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. Жаз маусымы басталысымен оқушы қауымның арманына арқау болған Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы (бұдан әрі - орталық). Орталық Қамыстыбас стансасы, Тасарық Қоныс көшесі №5 мекен-жайында орналасқан. Бұл орталық 2026 жылы 01-ші маусымда сауықтыру маусымын ашып, 7 ауысымға 910 баланы қабылдауды жоспарлауда. Орталық ғимаратының қызметіне басқарма тарапынан 06 маусымда 2024 жылы №KZ13VBS00174718 санитариялық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынған. Орталық жыл бойына жұмыс жасайды. Аталған жазғы демалыс орнының жұмысы оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға және денсаулықтарын нығайтуға бағытталған. Орталық 130 балаға есептелінген, 6 блоктан тұрады. Орталықта тамбур, медициналық пункт, коридор, интернет кафе, акт залы, архив, тәрбиеші штабы, таза және лас төсек-жаймалар қоймасы, холл, МОП, канцелярия, 63 жатын бөлмелері, 4 ойын бөлмелері, 1 оқу кабинеті, қызметкерлерге арналған 5 санитарлық торап бөлмелері, кітапхана, қонақ бөлме, венткамера, бассейн, тренажер залы, фитнес залы, теннис залы, жаттықтыру бөлмесі, бильярд бөлмесі, кір жуу бөлмесі, ас блогы, оның ішінде тамақтану залы, ыдыс жуу бөлмесі, шикі азық-түліктерді сақтау қоймасы, тез бұзылатын тағамдарды сақтау қоймасы, тоңазытқыш қоймасы, көкөністер цехы, балық өндеу цехы, нан кесу бөлмесі, ас тарату бөлмесі, асхана жұмысшыларының киімдерін ауыстыруға арналған бөлмелер қаралған. Жатын бөлмелердің аудандары әр балаға 4 ш.м есебінен, ойын бөлмелерінің аудандары 2 ш.м есебінен сәйкес келеді. Барлық бөлмелер қажетті құрал-жабдықтармен, оның ішінде ойын бөлмелер ойын құралдарымен, жатын бөлмелер ағаш керуеттерімен, төсек әбзелдерімен, еден төсеніштерімен, киім шкафтарымен, тумбочкалармен , желдету қондырғыларымен толық жабдықталған, жатын бөлмелердің барлығында санитариялық торап бөлмелері, себезгілер қаралған. Лагер ауласында орналасқан баскетбол, футбол және волейбол алаңдары қажетті спорттық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған, құрал-жабдықтар жұмыс жағдайында. Ас блогында шикі өнімнің дайын өніммен, пайдаланылған ыдыстың таза ыдыспен, келушілер мен асхана жұмысшыларының араласуын болдырмайтын технологиялық процестердің жүйелілігі көзделген. Ас блогы желдету жүйесімен және қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен, тез бұзылатын азық-түліктер сақтайтын тоңазытқыштармен жабдықталып, ыдыс жуу бөлмесінде 3 ұяшықты ванналар салқын, ыстық сумен қамтамасыз етілген. «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында су жүйесі орталықтандырылған, ыстық және салқын су жүйесіне қосылған. Жылу жүйесі жергілікті бу қазандығы арқылы беріледі.
Орталыққа келген оқушылардың денсаулығын орталық дәрігерлері күнделікті тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмай, тағам мәзірі түрлендірілген, витаминделген, минералды кешенмен байытылған тағамдармен қамтылған. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі әр ауысым сайын ҚРДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесінің зертханасымен тексеріліп тұрады.
Биылғы жылы орталықта балалардың төсек-жабдықтары (жастықтар, төсек әбзелдері, покрывалдар), спорттық құрал-жабдықтар жаңартылған және асханаға балалар қолданатын 300 дана 2-ші тағам ыдыстары, 300 дана кружка, 200 дана ас қасық, 200 дана шәй қасық жаңадан сатып алынған. Сонымен қатар балалардың төсек-әбзелдерін жууға қосымша 2 өндірістік кір жуу машинасын (30кг), кір сығу (центрифуга), пресс (үтіктеуге) көлемді құрылғыларын алуға және орталық ауласындағы балалардың ойын алаңының жасыл газон төсенішін жаңарту мақсатында тапсырыстар беріліп, тапсырыстардың орындалуы күтілуде. Биылғы жылы орталыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дезинфекция, дезинсекция және дератизациялық іс-шаралары әр ауысым сайын және маусым басталар алдында «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облыстық филиалының Арал аудандық бөлімшесімен жүргізіледі. Маусым басталар алдында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын-алу мақсатында орталықты кенелерге қарсы 300 метр радиуста дезинсекция жұмыстары жүргізіледі. Басқарма басшысының 21.04.2026 жылғы №46-нқ бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 23 сәуірінде «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында орталық қызметкерлері арасында «Санитариялық қағидалар талаптарын сақтау, ботулизм мен тағамнан уланудың және жұқпалы ішек ауруларының алдын - алу» тақырыбында семинар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудан көлеміндегі 48 мектептің жанындағы күндізгі тынығу лагерлеріне 2635 бала демалдыру жоспарланған. Ыстық тамақпен қамтамасыз етуге аудан көлеміндегі 10 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. Барлық мектеп жанындағы күндізгі лагерлер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Басқарманың Арал ауданы бойынша білім бөлімімен және Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасымен бірлескен бұйрығына сәйкес 2026 жылдың мамыр айының 19-шы жұлдызында №260 орта мектептің мәжіліс залында аудан көлеміндегі білім беру ұйымдары жанындағы жазғы тынығу лагерьлерінің қызметкерлері (лагерь басшылары, асхана қызметкерлері, мектеп аяжандары) арасында «Балаларды сауықтыру ұйымдары балаларының демалысын, тамақтануын, медициналық көмек пен сауықтыру шараларын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Балалардың жақсы көңіл-күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан
А. Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы










