Қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтар – басты бағыт
Бүгін аудан тұрғындары мен жастарға тағылымды әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Қызылорда облыстық қоғамдық келісім және тілдерді оқыту орталығының қызметкері, ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі, философия докторы Омаров Дәулет Кәрібайұлы қатысып, қоғамдағы маңызды бағыттар жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті.Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған басты құндылықтарды дәріптеу, ел бірлігін сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар жастар тәрбиесі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың заңға деген құрметін арттыру, қоғамдағы өзара жауапкершілік пен татулықты сақтау бағытындағы ой-пікірлер ортаға салынды.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды ұлықтау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, ана тілі мен рухани мұраны дәріптеу – өскелең ұрпақтың бойына елжандылық қасиетті сіңірудің маңызды.










