Түнгі рейдтік іс-шаралар өтуде
Аудан көлемінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Шараға аудандық бөлімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуда.
Рейд барысында ойын-сауық орындары, қоғамдық тамақтану және сауда нысандары тексеріліп, мекеме иелеріне кәмелетке толмағандарға қатысты заң талаптары түсіндірілуде.
Мұндай профилактикалық жұмыстар жасөспірімдердің түнгі уақытта беймезгіл жүруінің алдын алып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
"Толқын" ақпарат











