Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәбірленушінің жұбайымен татуласуына байланысты іс тоқтатылды

Жәбірленушінің жұбайымен татуласуына байланысты іс тоқтатылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша азаматша И-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азаматша И. жұбайы М-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзып, үй заттарын бүлдіріп, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.
Сот отырысында жәбірленуші М. азаматша И.-мен өзара татуласқанын, оған кешірім беретінін көрсетіп, істі тоқтатуды сұраған.
Сотпен іс құжаттары зерттеліп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға мен жәбірленушінің татуласқаны ескеріліп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64-бабының 1-1-бөлігі негізінде іс тоқтатылып, азаматша И. әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Арал аудандық соты


29 мамыр 2026 ж. 41 0