Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация-қандай да болмасын даудың шешім

Медиация-қандай да болмасын даудың шешім

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған И-дің әкімшілік ісі қаралды.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы И. бірге тұратын апасы Ұ-ға себепсізден-себепсіз тиісіп, балағат сөздер айтып, ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян әкеп соқпаған күш қолдану әрекеттерін жасаған.
Сотта жәбірленуші Ұ. құқық бұзушыға кешірім бергенін, онымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған.
Сотпен іс құжаттары зерттеліп, құқық бұзушы мен жәбірленушінің медиация арқылы татуласқандары ескеріліп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64 бабының негізінде әкімшілік іс өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
23 шілде 2020 ж. 273 0