Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік іс бойынша тараптар татуласты

Әкімшілік іс бойынша тараптар татуласты

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған Н-ның әкімшілік ісі қаралды.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Н. ауылдасы У-мен сөзге келіп қалып, оны жұдырығымен ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян әкеп соқпаған күш қолдану әрекеттерін жасаған.
Сотта жәбірленуші У. құқық бұзушыға кешірім беріп, онымен өзара татуласқанын көрсетіп, оған қатысты әкімшілік істі тоқтатуды сұраған.
Сотпен іс құжаттары зерттеліп, құқық бұзушы мен жәбірленушінің өзара татуласқандары ескеріліп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64-бабының негізінде әкімшілік іс өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
17 тамыз 2020 ж. 396 0