Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылықты қайталап жасаған азаматша әкімшілік қамаққа алынды

Құқық бұзушылықты қайталап жасаған азаматша әкімшілік қамаққа алынды

Арал аудандық сотында азаматша Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азаматша Б. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, анасына былапыт сөздер айтып, мазасын алып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, жанұя шырқын бұзған.
Ол бұған дейін 3 қазан 2024 жылы осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылса да еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.
Сотта жәбірленуші М. мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.
Б-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелін тапқан.
Сот қаулысымен Б. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.
Сонымен қатар, АПБ-нің ерекше талап белгілеу туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Б-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгіленген.
Арал аудандық соты
11 тамыз 2025 ж. 71 0