Келініне былапыт сөйлеген қайынағасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
 Арал аудандық сотында азамат К-ге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Арал аудандық сотында азамат К-ге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Сотта анықталғандай, азамат К. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде келіні А-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзған.
Сотта жәбірленуші А. қайынағасы тарапынан мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.
К-нің құқық бұзушылық әрекеті, сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. 
Сонымен қатар, К-нің мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленген.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық соты
Фото: Н. Нұржаубай
		





 
		 
		



