Медиация мәмілеге келтірді
Бүгінде тараптардың өзара ымыраға келуі арқылы азаматтық істерді медиация тәртібімен тоқтату тәжірибесі жиі кездеседі. Мұндай рәсімдер процеске қатысушылар арасындағы қатынастарды реттеп қана қоймай, соттарда қаралатын істердің санын азайтуға да ықпал етеді. Жалпы, сот дауларында тараптардың келісімге келуі - істі шешудің ең тиімді жолдарының бірі. Себебі мұндай жағдайда жеңілген тарап болмайды, екі тарап та қол жеткізілген нәтижеге қанағаттанады.Мәселен, Арал аудандық сотында талап қоюшы Т-ның жауапкер А-дан 4 396 000 теңге қарызын және сот шығыстарын өндіру туралы талабы медиация тәртібімен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан қарызға ақша алып, оны қайтару жөніндегі міндеттемесін орындамаған. Осыған байланысты талап қоюшы соттан қарыз сомасын өндіруді сұраған.
Татуластырушы судья тараптармен жүргізілген әңгімелесу барысында татуласу рәсімі шеңберінде дауды шешу құқықтарын, татуласудың артықшылықтары мен құқықтық салдарын түсіндірген.
Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Келісімге сәйкес, талап қоюшы жауапкердің материалдық жағдайын ескере отырып, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Арал аудандық соты










