+41°С: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Термометр бағандары 30-38 градусқа дейін жоғарылайды.
Қазақстанның орталығы мен солтүстік-батысында күн ерекше ыстық болады.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 21-22 маусымда 40-41 градусқа дейін өте қатты аптап ыстық күтіледі. Тек батыс өңірлерде ғана ыстықтың беті сәл қайтып, ауа температурасы 22-33 градус шамасында болады.
Сонымен қатар, алдағы демалыс күндері атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. 21-22 маусымда батыста қатты жаңбыр жауады деп болжануда.
baq.kz











