Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, бүгін республика аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы және екпінді жел тұруы ықтимал.
Батыс өңірлер мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда шаңды дауыл көтеріледі. Батыс пен солтүстік-батыста күннің қатты ысуы басылады деп болжануда.
Ал орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күндізгі уақытта ауа температурасы 35-40 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Еліміздің басқа бөліктерінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.
Фото: Нұрболат Нұржаубай