Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарапайымдылықтың үлгісі болған заң қызметкері

Қарапайымдылықтың үлгісі болған заң қызметкері

Бүгінгі ой – толғауымды бала кезден бірге өскен, бір мектепте, бір сыныпта бірге оқыған Әйтеке Әбибуллаұлы Жәрімбетов туралы болмақ. Ол азаматтың өмір жолында барлық қиыншылықтары да, қуанышты кезеңдері де аз болмаған, адал жар сүйіп, ұл – қыз тәрбиелеп өсіріп, олардың қызығын көріп, рахатқа бөленген жандардың бірі болып біздің бұл дүниедегі жадымызда мәңгілікке сақталатыны белгілі. Оны көпшілік қауым да біледі. Бала кезінен білімге деген құштарлық, кітап оқуды өзінің мәңгілік серігіне айналдырған, кәсіби шеберлігін өмірдегі нақты істермен байланыстыра білген, өзіне – өзі талап қоя білген азаматтық бейнесін барлық уақытта жоғары қойып, жеке басының тіршілігінен мемлекеттік мүддені жоғары қоя білген Арал өңірінің біртуар перзенті есебінде тарих беттерінде қалатыны сөзсіз.
Шындығында Әйтеке Әбибуллаұлы туралы жазуды өзімнің жауапкершілігіме алып, бір ой қорытсам дей – мін. Оның да себебі бар. Табиғатынан бауырмашыл, арамдық атаулыдан ада, адамдардың аманшылығынан басқаны ойламайтын, тек қана жақсылықты ғана тілейтін, қарапайым да ақкөңіл жанның Арал аудандық ішкі істер бөлімінің балалар бөлмесі инспекторлығынан оның бастығына дейін өсу жолы осылай болған-ды. Бір жерде, бір ауданда жұмыс істеп, оның табиғатын былай қойғанда әрбір адамның психологиялық ерекшелігіне дейін жете меңгерген, қылмыс атауының шығу жағдайы мен оған қатысушы пенденің көңіл-күйін, тұрмыс жағдайын адамгершілік тұрғыда түсіне білген азаматқа қылмыс жасаушының өзі де қалай ақтарыла баяндайтынын байқамай қалатын көрінеді. Ол әрдайым қылмыскермен сөйлескенде адам ретінде оның табиғи болмысына еркін бойлай отырып, оның себеп – салдарын айқындап алмайынша қылмыстық істердің сан түрлі статьияларын қоюға асықпайтын азаматтық бейнесінен ешуақытта, зейнеткерлікке шыққанша, айнымаған заң қызметкері болғанын көпшілік қауым біледі. Мен де соның бірімін деп есептеймін.
Мына бір оқиға есімнен кетпейді. Жаздың күні. Аралдың аптап ыстығында асфальт үстінде жаяу жүрген адам оны біледі. Машинада келе жаткан менің көзіме бір адам түсті. Қалың ойда келе жатқанға ұқсайды. Түсі таныс. Бірақ Аралдікі емес. Дереу тоқтап, машинадан түстім. Сөйтсем, өзім қызмет жасаған бір ауданының өзіме таныс Ықылас деген азаматы екен. Машинаға отырғызып, қайдан жүргенін, нендей мәселе барын ат үсті сұрап, кабинетке де ендік білем. Қонағым қатты уайым үстінде. Болған оқиғаны ауызбен айтып жеткізе алмайды. Болған іс болды, мойнымен көтеру керек болып түр, деді. Өзім туралы емес, өзегімді жарып шыккан баланың іс-әрекетінен туындаған жағдай-ғой, деп баяндады. Мен үнсіз тындап отырмын. Қиын шаруа. Заң тіліндегі статьясы ауыр. Бірақ оны ауырлататын да, жеңілдететін де, түкте асырғысыз дәрежеге жеткізетін де, айта берсек айқай-шу көтеріп, біреулерге абырой әкелетін де, енді біреулердің абыройын айрандай төгетін де, енді бірінің қалтасын қалындатып «пайда» әкелетін де, арты өкінішке толы, адам өмірінің азапты жолына түсіретін, адам болжап білмейтін оқиғалар тізбесі жатыр еді.
Жалпы адам тағдырына қатысты мәселені жүз ойланып барып, кесімді пікір айтып, тиісті шешім қабылдау жағы бізде жетісе бермейтін жағымыз-ғой. Әсіресе бұл құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тән қызмет орнындағы жалған жасалынған мінез-құлықтар болатын. Ал, мұндай мінез-құлық Әйтеке бойынан мәңгілік орын алмағанын білеміз.
Мәселенің мәні былай болған. Мұнай барлау жұмысының арал өніріне де бет алып, жаңағы менімен сөйлесіп отырған кейіпкерімнің баласы осы қалаға келіп, біреудің үйіне қонады. Байқайды үйде жас келіншек бар. Адам ойы бұзық кой. Сонымен жігіттік «парызын» өтемекші болған ба қалай? Бірак ештеме де болмаған. Бірақ ретін тауып, милицияға шағымданып осындай да осындай деген желеумен, бала тергеу камерасына жатқызылады. Енді не істеу керек.
Амал жок, мәселе асқынбай тұрып, екі жақты адамгершілік пен азаматтық келісімге келтіріп, адами түсіністік тауып, ешкандай «алыс-беріс» операциясын жасатпай-ақ, үлкен азаматтық танытқан Жарымбетов Әйтекенін бұл ісіне қандай баға берер едіңіз, окырманым. Менімен кейіннен кездескенде сол ауданның азаматтарының ризалық көңілдерін айтып жүргеніне өзім куәгермін. Досымның маған, зейнеткерлікке шыққаннан кейін айтатыны-ғой, осы окиғаға байланысты өзін «бірдемені» пайдаланған боларсын, деп. Ал өзімнің өмірлік ұстаныным: «қолыңнан келсе біреyre қамқорлық жаса, егер келмесе ол адам туралы жаксы ойла», деген ұлы сөз еді.
Ал жоғарғы окиғадан кандай ой түйіндеуге болар еді. Ешқандай қоғамға да, адамға да зияны тимеген, бірақ «саяз ойлау іс-әрекетінің кұрбанына» айнала жаздаған бұл істің сол жас азаматка өмірлік сабак болғаны шындық еді. Ал, тәлімі бір басқа.
Шындығында, қылмыс атаулының себебін анықтап алу, соған сәйкес алдын алу жоспарын ұйымдастыру, жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарын тиісті мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың уақытылы назарына ұсынып отыру жағы біздерде жеткіліксіз екені шындық. Ал біздегі қалыптасқан дәстүр қылмыстың салдарымен күресу, қылмыскер деп танылған азаматтың заңда белгіленген тәртіпке сай түзету колонияларына жіберіп, «тәрбиелеу» деп түсінеміз. Ал, олардың ол жақтағы жұмыстары біздің қоғамның мемлекеттік құрылымдарына қарсы өшпенділік пиғылдағы азаматтарды «тәрбиелеп» жатқанымызды байқамаймыз. Ойланатын мәселе.
Әрбір заң қызметкерлерінің қоғам алдындағы асқан жауапкершілікпен қарайтын, әділетті қоғам орнатудың алғашқы қарлығаштары болып, заң талаптарының барлық адамдарға бірдей қызмет жасауын өмірге енгізетін бірден – бір ұстанымы берік азаматтардың бірегейі осы Әйтеке Әбибуллаұлы болды – ау деп бағамдаймын.
Бір дәуірдің азаматтарының өмірлік тәжірибелері мен ұстанымдарынан алатын пайдалы тағылымдары жеткілікті. Соларды ой елегінен өткізіп, өмір шындығына арқау ету, біздің замандастарымыздың төл міндеті болуы тиіс деп бағымдаймыз. Жоғарыда атап көрсетілген Әйтеке Әбибуллаұлының өмір жолындағы тәрбиелерін қысқаша баяндай отырып, көпшілікке ой тастау еді.
Біз мектепті 18 бала бітірдік, оған да 64 жыл уақыт мерзімі өтіпті. Қазіргі таңда байқасақ бесеуміз ғана өмір жолымызды жалғастырып келе жатыр екенбіз. Бір жылғы, бір айдағы Арал аудандық мәслихатының шешімімен бір кластың үш бірдей түлектеріне: Жарымбетов Әйтеке Әбибуллаұлына, Жақыпов Жұмабай Жақсылықұлына және Әбішев Сайлаубай Әбішұлына – Арал ауданының «Құрметті азаматы» атағы беріліп, көңілімізді бір көтеріп тастағаны бар – тын.
Әйтекенің өмірлік жары болған Збира болса, өмір көшін әрі қарай жалғастырып, ұл – қыздарының ата жолын қуып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, үлкендерінің өнегелі өмір жолын ұрпақ санасына сіңіруге бар ынта – ықыласын салатынына сеніміміз берік.
Иә, Әйтеке Әбибуллаұлының алға қойған біршама мақсаттарының жобаларын айтып, биылғы жазда өзінің туып өскен, кіндік қаны тамған Қамбаш көлінің жағасында сыныптас достарымен, сыйлас замандастарымен кездесіп, ой бөлісуді жоспарлағанды, сексен жасқа толған мерей тойын атап өтпекші де болған. Оған уақыт тапшылық жасағандай болды. Тағдырдың жазуына амал бар ма?
Үстіміздегі жылдың маусым айының 18-ші жұлдызында қырық күндік асын өткізіп беруге зайыбы Забира, балалары, ұл-қыздары және ағайындары ниет білдіріп жатыр. Ас қабыл болсын, Әйтеке Әбибуллаұлының жатқан жері жайлы, иманы жолдас, алды жарық, арты кеніш болсын деп бір Алладан тілейміз.
Сайлаубай Әбішұлы,
Арал ауданының, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы,
Қызылорда облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы
23 маусым 2026 ж. 35 0